Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінде жаңа оқу залы ашылды

04/09/2019

Жаңа оқу жылын Нұр-Мүбарак университеті жаңарған келбетпен қарсы алуда. Студенттер үшін , әсіресе, жаңадан ашылған Оқу залының қолайлығы қуантуда. Университеттің бірінші қабатына жасақталған кітапхананың жаңа оқу залы әрбір студенттің дербес дайындық жасауына ыңғайластырылған. Жаңарған кітапхана ашылуында Оқу-әдістемелік басқарма бастығы Жалғас Сандыбаев университет үшін кітапхананың маңыздылығына тоқталды:

«Құранның ең алғашқы аяты «Оқы» деп түскен болса, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) білім алудың артықшылығы жайлы керемет өсиеттер қалдырған. Тіпті білім иелерін «пайғамбарлар мирасқорлары» деген. Сондықтан да ислам әлемінде білімге ерекше көңіл бөліп, тіпті IX ғасырда әл-Мамун халиф «даналық үйін» ашып, ол жерге әлемнің қай түкпірінен болса да кітаптар жинап, кітап авторының қай дін, қай елдің адамы екенін бөліп-жармай, кітап алып келген адамға сол кітаптың салмағындай күміс беріп отырған. Бұның өзі мемлекет басшыларының білімге қалай құрмет жасап, көңіл бөлгенін көрсетеді»,-деп демеушілерге алғысын білдірді.

Жаңарған кітапханада меңгеруші Қалбибі Бейісбек бастаған қызметкерлер студенттерге оқу залы, электронды кітапхана, т.б. ережелермен таныстырды. Білім талапкерлері де жарық та әсем кітапхана залында білімге деген зейіндері арта түсетіндеріне сенім білдірді.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар