Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак Университетінде «Жасырын неке, ерте жүктілік» атты тақырыпта лекция өтті.

19/11/2020

Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мадениеті Университетінде «Отбасы — бақыт мекені» атты лекция марафон жүріп жатыр. 5 күн қатарынан білікті мамандар қоғамдағы даулы мәселелерге тоқталып, алдын алу жолдарын көрсетуде. Кезекті тақырып: «Жасырын неке, ерте үйлену» жайында лекция болды. Қоғамға жасырын некелесіп алып жатқан жастарымыз қаншама… Жастайынан балалықпен жүкті болып қалып жатқандар қаншама… Бұрыңғы заманда жетімдер үйі жоқ еді, қазір бар. Аналар үйі деген мүлдем болмаған, қазіргі таңда олда бар. Себеп не? Қоғам қай жолмен жүріп барады? Бұл іс-әрекетті қалай тоқтата аламыз? Осындай өзекті сұрақтарға аға оқытушы — Сарыпбеков Асқарбек жауап берді.

Жастарымызға бұл әрекеттерден қашық болу үшін Алла Тағаланы танып, Ұлы Раббымыз бұйырған жолмен ғана жүріңдер, нәпсіге еріп жауапкершілікті ысырып қоймаңдар, бұл ұлтымызға аса қауіпті әрекет деп жастарға иманды болуды баса айтты.

Лекция марафон онлайн университет парақшасында ал оффлайн түрде университетте Әл-Фараби залында өтті.

Ұқсас жазбалар