Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«Нұр-Мүбарак» университетіндегі  Халықаралық  конференция жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

03/06/2016

 

 

«Нұр-Мүбарак» университетінің  15 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Ислами оқу орындары және олардың жаңсақ түсініктерді түзетудегі рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жаңа белестерге жол ашты. Яғни осы мерейтойлық шараға Мысыр елінен арнайы  келген ЕАР Уақыфтар министрі профессор Мұхаммед Мұхтар Жұма мен ЕАР Бас мүфтиі профессор Шауқи Ибраһим Аллам мырзалар Нұр-Мүбарак университетінде студент, магистранттар мен ҚМДБ-сы, еліміздегі дін істері басқармалары қызметкерлеріне арнайы дәріс өткізген болатын.

Ал  «InterContinental Almaty»  қонақ үйінде 300-ден аса дамның басын қосқан Халықаралық конференцияда Қазақстан тарапынан  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан  қажы Малғажыұлы, ҚР Мәдениеті және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мырзалар қатысып, «Нұр-Мүбарак» университетінің еліміздегі діни тұрақтылық пен бірлікті дамытуға орны, діни мамандарды даярлаудағы маңызына жақ-жақты тоқталып өтті. Нәтижесінде екі жақты ұсыныс-пікірлерді ортаға сала келе, арнайы  қорытынды жасалып, Нұр-Мүбарак университетіндегі конференцияға қатысушыларға таныстырылды.

Қорытынды шарада  құжатқа Қазақстан тарапынан ҚР Мәдениеті және спорт вице-министрі М.Әзілханов, ал Мысыр тарапынан Уақыфтар министрі профессор Мұхаммед Жұма қол қойды.

 

Қазақстан Республикасың Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдулфаттах әс-Сисидің қолдауымен Нұр-Мүбарак университетінің 15 жылдығына орай ұйымдастырылған

 «Ислами оқу орындары және олардың жаңсақ түсініктерді түзетудегі рөлі» атты  14 ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы:

 

Конференция барысында бірқатар маңызды ұсыныстар жасалды:

— Экстремистік және дінде шектен шығушылық әрекеттерінің кез-келген көріністерінің біздің түсінігімізге жат екенін бекіту;

— Білім беру және діни мекемелерінің қоғамды экстремистік көзқарастардан сақтау міндетін атқаруы. Бұл келесі жолдар арқылы жүзеге асырылады:

  1. Арнайы мамандандырылған білікті ұстаздарды тарту;
  2. Діни және білім беру мекемелеріне саяси міндеттерді жүктемеу;
  3. Басты діни принциптер негізінде қазіргі қоғамға сай заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып білім жүйесін дамыту;
  4. Университет ұстаздары ҚМДБ-мен бірлесе отырып, форумдар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
  5. Дінде орта жолды ұстануды үндейтін кітаптар және электрондық бағдарламалармен кітапхана қорын толықтыру;
  6. Дінде орта жолға шақыратын кейбір кітаптар мен мақалаларды және діни уағыз-насихаттарды қазақ тіліне аудару ісін қолға алу. Әсіресе Мысыр Уақыфтар министрлігі мақұлдаған еңбектерді аудару;
  7. Исламды дұрыс түсіну жолын жеңілдету мақсатында араб тілін үйрететін орталықтарға қолдау көрсету;
  8. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының сұранысына сай лекция оқитын ғалымдармен және ғылыми-танымдық материалдармен қамтамасыз ету.

 

Ия, осымен 14 мәрте ұйымдастырылған «Нұр-Мүбарак» университетіндегі халықаралық ғылыми-иәжірибелік конференцияның биылғы  мерейтойлық шарасы айрықша салтанатпен, әрі игі жетістіктерге толы болды. Әрі  бұл Мысыр мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайта түскені даусыз.

 

ФОТОРЕПОРТАЖ

 

02 06 2016 koritindi1

02 06 2016 koritindi2

 

02 06 2016 koritindi3

 

02 06 2016 koritindi4

 

02 06 2016 koritindi5

 

02 06 2016 koritindi6

 

02 06 2016 koritindi7

 

02 06 2016 koritindi8

02 06 2016 koritindi9

 

02 06 2016 koritindi10

 

 

Ұқсас жазбалар