Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетіне Абдулла ибн Абдулазиз патша атындағы Араб тілін қолдауға арналған халықаралық орталық өкілдері арнайы ат басын тіреді

25/11/2019

 

«Тіл үйренуші баланың, білім деңгейін  ынтасын арттырып, әрбір жетістігіне қуана білуіміз керек» ,-дейді Сауд Арабия корольдігінің Абдулла ибн Абдулазиз патша атындағы Араб тілін қолдауға арналған халықаралық орталық өкілдері. Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреген бұл орталық Құран тілін араб емес өзге ұлттарға үйретудің тәсілдерін жетілдірумен айналысып келеді.

Университет ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат мырзаның қабылдауында болған орталық өкілдері Қазақстанда зәулім ислами университетінің барына ризашылықтарын білдіріп, университеттің тыныс-тіршілігінен біршама хабардар болды. Студенттермен кездесу барысында Халықаралық орталық өкілдері араб тілін үйренудің тиімді тәсілдерімен бөлісті. Ал университеттің Араб және ағылшын тілдер кафедрасының оқытушы-профессорлары да өз ойларын ортаға салып, студенттер бірнеше тілде қонақтарға лебіздерін жеткізді.

Бірнеше тіл меңгерген студенттердің сөйлеу мәнері, сөз саптау деңгейінен Нұр-Мүбарак университетінің білім беру сапасын да аңғарып қалған Араб тілін қолдауға арналған халықаралық орталық өкілдері университет басшылығына ризашылықтарын жасырмады. Екі тарап бір-бірлеріне естелік сыйкәде жасап, естелік суретке түсті.

Қазақстанда Абдулла ибн Абдулазиз патша атындағы Араб тілін қолдауға арналған халықаралық орталық өкілдері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет пен Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің араб тілі оқытушыларына арнап арнайы семинар өткізе бастады. Семинар барысында араб тілінің білгірлері шәкіртке шет тілдерін үйренудің тиімді тәсілдері мен оңтайлы жолдары жайлы жан-жақты тәжірибе алмаспақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар