Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«Нұр-Мүбарак» университетіне бөлінетін мемлекеттік білім грантының саны артпақ

15/03/2016

Бұл туралы ҚР  Білім және ғылым  вице-министрі  Тахир Балықбаев мырзамен кездескен Нұр-Мүбарак университетінің ректоры доктор, профессор  Жуда Абдулғани Басюни мәлімдеді.

vitse-ministr1

Вице-министрмен   кездесуде  Астанаға арнайы барған ректор Жуда Басюни мырзамен бірге Қазақстандағы Египат Араб Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Хайсан Камиль мырза да болды.

Нұр-Мүбарак университетінің  болашақ жоспары , нақтырақ «исламтану» мамандығы бойынша бакалавриат, магитратура, докторантураға бөлінетін  мемлекеттік білім гранттарының  санын арттыру, араб тілі дәрістерін көбейту, ислам экономикасы және заң бөлімдерін ашу, университеттің жаңа ғимарат жобасын мақұлдау  сынды бірнеше маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды.

—    Вице-министр Тахир Оспанұлы  бізді өте жылы қабылдады. Кездесу барысында  оның өте сабырлы, өз ісінің білгірі, тиянақты басшы екенін байқадым. Әр сөзімізге мән беріп әрі  исламтану саласының ел болашағы үшін аса маңызды мамандық екендігін зор түсіністікпен бағалауда. Сондықтан бұл кездесудің нәтижесі баршамызға оңтайлы болады деген үміттемін,-деп ректор, профессор Жуда Басюни  мырза өз ойымен бөлісті.

Ия, исламтану мамандығы бойынша 2011 жылдан бастап жылына бөлінетін мемлекеттік білім гранты 150-ге жеткен еді.  Уақыт өткен  сайын сұранысы артып отырған  бұл мамандыққа алдағы  уақытта ҚР  Білім және ғылым министрлігі бей-жай қарамайтындығын  Нұр-Мүбарак университетінің ректоры  Жуда Басюни мен вице-министр Тахир Балықбаевпен болған кездесу дәлелдей түскендей.

Айша КЕҢЕСБАЙ
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар