Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

ҚР ДІАҚ министрі Дархан Калетаев: Нұр-Мүбарак университеті – ТМД мен Орта Азияда әлеуеті жоғары оқу ордасы!

25/05/2018

 

 

 

Нұр-Мүбарак университетіне айлардың сұлтаны қасиетті Рамазанда, күндердің сұлтаны қасиетті жұмада ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Калетаев пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзалар арнайы ат басын тіреді. Жақында ғана тағайындалған министрдің Нұр-Мүбарак университетіне алғаш келуі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Алау Әділбаев, университет ректоры, профессор Жуда Басюни мен проректор, профессор Шамшәдин Керім арнайы күтіп алып, университет жайлы жалпы ақпарат берді. Жыл сайын талапкерлер көбейіп келе жатқандықтан әрі жақында ғана толықтырулар мен өзгертулер енгізілген дін туралы жаңа заңға сәйкес жастарды бакалавриат деңгейінде өз елімізде оқыту талаптарының күшеюіне орай университетке қосымша оқу ғимараттары, жатақхана салу өзектілігін айтып, жасалған жобалармен таныстырды.

Министр Дархан Калетаев:

  • Дін мамандарын даярлау елімізде өте өзекті мәселе. Себебі қазір мешіттерге жоғары білімді имамдар аудай қажет. Медресе-колледждер мен шағын курстарда білім алушылар болғанымен, бүгінгі уақыт дін мамандарының жоғары білімді әрі білікті болуын талап етеді,- деп Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаға оқу орнын кеңейту мен студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жағдайына қалалық әкімшілік тарапынан қолдау қажеттігін атап өтті.

Университет ғимаратымен танысып, жабық есік жағдайында университет ректоры Жуда Басюни мырзамен Мысыр мен Қазақстан елдеріне ортақ Қамқорлар кеңесінің жұмыстарына қатысты мәселелерге тоқталды.

Оқу кешенімен танысқан соң министр мен қала әкімін Алматы Орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шохаев пен Нұр-Мүбарак мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбай мырзалар күтіп алып, университетпен етене оқу-әдістемелік мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Елімізде ғана емес Орта Азия бойынша әлеуеті жоғары ислами жоғары оқу орнының тіршілігімен танысқан министр Дархан Калетаев университеттің даму стратегиясына барынша мүдделілік танытанынын аңғартты.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар