Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетіне Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ имамдары зиярат жасады

19/04/2019

 

Алматы қаласындағы діни орындармен танысу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ имамдары арнайы сапарға шығыпты. Олар берекелі сапарларын еліміздегі ислам ғылымының еңселі ордасы Нұр-Мүбарак университетінен бастады. Құдайы қонақтарды құшақ жая қарсы алған университет басшылығы атынан Бас хатшы Рахымжан Әкімбеков пен Тәрбие және дін бөлімінің меңгерушісі Оралхан Сейдманов мырзалар оқу орнының тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне дейін таныстырып өтті.

Алқалы кездесуден кейін бір топ қонақтар университет ғимараты, жатақхана, мешіт, яғни оқу орын кешенін аралап, бүгінде елімізге ең білікті де білімді дін мамандарын даярлайтын оқу орнының жай-күйіне ризашылықтарын білдірді. Өздері қызмет ететін ортада, жамағат алдында еліміздегі екі дүниелік ілімнің алтын бесігіне айналған Нұр-Мүбарак университеті жайлы жан-жақты жеткізуге асыққындай.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар