Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетін үздік, озат талапкерлер таңдауда

08/07/2016

Қазір еліміз бойынша қабылдау науқанының шығармашылық емтихандары аяқталды.  Соған сәйкес Нұр-Мүбарак университеті де талапкерлер арасында қабылдау емтихандарын қорытындылады. Мәліметтерге сүйенсек, биыл Нұр-Мүбарак университетіне 560 талапкер құжат тапсырса, оның 136-ы қыз бала.  Өткен жылғы  талапкерлер саны 480 еді. Әрі талапкерлер арасында  орта арнаулы оқу орындарын, колледж-техникумдарды үздік бітірушілер және биылғы бір «Алтын белгі» иегері исламтану мамандығына таңдау жасапты. Бұның өзі жастар арасында ислами білімге, имандылыққа деген  құштарлықтың артып, нақты таңдау жасап жатқанын аңғартады.

Сондай-ақ соңғы 3 жылда исламтану мамандығына жыл сайын 150 мемлекеттік білім гранты бөлініп келсе, биыл бұл көрсеткіш әлдеқайда көбейді.  Яғни мемлекет және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан ата дінімізге, ислам ғылымына нақты қолдау көрсетіліп, бүкіл мүмкіндіктер жасалуда. Оған Нұр-Мүбарак университеті кешенінің құрамында  өз оқу-әдістемелік мешітінің болуы, жаңа заманауи үлгідегі спорт алаңының пайдалануға берілуі, студенттердің толығымен жатақханамен қамтамасыз етілуін де нақты атап өтуге болады.

Шығармашылық емтиханнан өткен талапкерлерді енді  ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан өткізілетін кешенді тесттік емтихандыр күтіп тұр. Біз талапкерлерге  сынақтан сүрінбей өтіп, емтиханды сәтті тапсыруларына тілектеспіз.

 

emtihan120164

 

emtihan120161

 

emtihan120162

 

emtihan120163

 

emtihan120165

 

emtihan120166

 

emtihan120167

 

emtihan120168

 

Ұқсас жазбалар