Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінен араб тілі мамандарына арналған жаңа кітап жарық көрді

06/09/2016

Қазақ жерінен шыққан білімді де білгір ғұламалар әсіресе орта ғасырдың еншісіне тиеді.  Даламыздағы дін ілімінің тарихында есімі көне кітапханалардан аршылып алынған көрнекті өкілдердің бірі Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби. Отырар даласынан шыққан аса көрнекті дін оқымыстысы 1286-1357 жылдар аралығында өмір сүрген. Оның «әл-Қасида маусума би лалали әл-масунат фи сарф уа шархиһа»  атты туындысы Италияның Флоренция кітапханасында сақталған. Бұл туынды сол түпнұсқа негізінде алғаш рет басылып отыр. Ғұлама шығармасында араб тілінің морфология қағидаларын өлеңге айналдырып, одан әрі өз қасидасын қара сөзбен түсіндірген.

Қауам ад-дин әл-Итқанидің фиқһ, усул фиқһ саласында қалдырған көлемді еңбектері бар. Ол араб тілін жетік меңгерген филолог, ақын ретінде танымал. Діннің, поэзия мен грамматиканың қиын қағидаларын өлеңге айналдырып, кейін оны қара сөзбен түсіндірген бұл қасидасынан басқа тағылымдық сипаттағы тағы да қолжазба түрінде үш поэзиялық шығармасы айқындалған.

Осы мәселелер жайында Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылған еңбекті баспаға дайындап, алғысөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор Шамшәдин Керім мырза. Ал филол.ғ.д., профессор Әбсаттар Дербісәлі мен филол.ғ.д., профессор Б.Жұбатова ханым өз пікірлерін білдірген.

Әлі сиясы кеппеген туындының 24 беті қазақша түсіндірме болса, 136 бет араб тіліндегі мәтінге арналған. Яғни бұл араб тілі оқытушылары мен тіл үйренушілеріне, филологтарға таптырмас дүние деуге болады.

 

kauamaddin1

 

kauamaddin2

 

kauamaddin3

Ұқсас жазбалар