Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«Нұр-Мүбарак» университетінің 15 жылдығына орай мамырдың соңында Халықаралық конференция өтеді

04/04/2016

510 0

 

 

«Ислами оқу орындары және олардың теріс түсініктерге қарсы тұрудағы рөлі»… «Нұр-Мүбарак»  университетінің 15 жылдығына орай мамыр айының соңында өтетін халықаралық конференция осылай аталмақ. Бұл туралы Мысырда «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни мен ЕАР Уақыфтар министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма және Қазақстанның ЕАР-дағы  Төтенше және Өкілетті елшісі Берік Арын мырзалардың кездесуі барысында белгілі болды.

Каирдегі  Уақыфтар министрі Мұхаммед Мұхтар Жұманың қабылдауындағы кездесудің негізінен «Нұр-Мүбарак» университетінің  15 жылдығына орай өткізілетін халықаралық конференцияны жан-жақты талқылау болатын. Кездесу барысында халықаралық конференцияда; жаңсақ пікірлердің шығу тарихы, араб тілі және діни орталықтар, медреселердің қазақ жеріндегі теріс діни  пікірлерді жоюдағы орны, «Нұр-Мүбарак»  университетінің тура діни білімді қалыптастырудағы рөлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазақ жеріндегі дәстүрлі ислам дінін дамытудағы орны туралы  мәселелер қамтылатыны бекітілді.

 

315 0

 

 

Ұқсас жазбалар