Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

  «Нұр-Мүбарак» университетінің 60-тан аса студенті қасиетті Құран оқудан арнайы куәлік алды

13/05/2016

                   ijaza8     

 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің»,-деген.  Осы асыл сөзге амал етіп, еліміздегі ислам ілімінің туын көтерген  «Нұр-Мүбарак» университетіне оқуға түсіп, Алланың  қасиетті кітабы Құранды ұлықтап, жаттап жүрген студенттердің бірқатары  міне ұстазынан арнайы куәлік алды.  Яғни қасиетті Құранды Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткеніндей оқуға қол жеткізіп, оған ресми түрде рұқсатқа ие болды. Қари-хафиздарға «Нұр-Мүбарак»  университетінде ұстаздық етіп жүрген Египет Араб Республикасының әл-Әзһар университетінің докторы әс-Сәид Абдулмажид әс-Саид Мұхаммедтен Құран Кәрімді Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хафс ибн Сүлейман риуаяты бойынша жеткен қырағатпен оқу және Құранды толық оқудан иджаза алса, енді бірі белгілі бір сүре, параларын жатқа айтудан арнайы куәлікке ие болды. Бұл университет ректоры профессор Жуда Абдулғани Басюни тарапынан  куәләндырылды.

Студент-хафиздар Шохан Уәлиев пен Нұрболат Қазбеков  Құранды толық жатқа оқумен қатар «Ән-Нәуәуидің 40 хадисін» де жатқа айтудан ұстаздарынан  иджаза алды. Ал қалған қари-студенттер Құранның бірнеше пара, сүрелері бойынша арнайы куәлік  алса, олардың қатарында ынта-ықыластарымен бір топ қыз-келіншектер де қуанышқа кенелді. 63 қаридың арасында алматылық 12 жасар Кенешбай Шохан мен оның інісі 9 жасар Қуаныш та бар.

  • Біз өте қуаныштымыз. Нұр-Мүбаракта қасиетті Құраннан мықты ұстаздар болған соң, олардың бос уақыттарына туралап арнайы келіп тапсырып жүрген едік. Балаларым 7 жастан бастап Құран жаттап келеді. Күніне 3 беттен жаттап, бірі 3 пара бойынша, үлкен ұлым 11 парадан иджаза алды,-дейді қос қаридің әкесі Нұрлан Кенешбай ағынан жарылып.

Осылайша «Нұр-Мүбарак» университетінің тарихы елге сүйінші айтар  тағы бір қуанышты жаңалықпен толықты. Хафиз-қариларымызға әрдайым сәттілік пен Алланың қолдауын тілейміз!

 

ФОТОРЕПОРТАЖ

 

ijaza

ijaza2

 

ijaza3

ijaza4

 

ijaza5

 

ijaza6

 

ijaza7

 

ijaza9

 

ijaza10

Ұқсас жазбалар