Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің бір топ ғалымдары Ғұламалар кеңесіне қатысуда

09/10/2019

 

Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев бастаған ұжымның  ғалымдар тобы ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті XXIII мәжілісіне қатысуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораздың төрағалығымен Бурабайда өтіп жатқан салиқалы басқосуда Ғұламалар кеңесінің құзырына кіретін келелі мәселелер қаралып жатыр. Бұл ретте діни рәсімдер мен діни лауазымдар тізілімін қарап, басқа да шариғи жайларға қатысты ҚМДБ ұстанымын анықтау көзделмек.

Діни басқарма ұсынған Қазақстан мұсылмандары «Рухани тұғырнамасы» жобасы да кеңінен талқыланбақ. Діннің рухани құндылықтарын зерделеп, ұлттық идеямен орайластыру бүгінгі күннің келелі бір мәселесі екені анық. Сондай-ақ бүгінгі жиында бірнеше пәтуаға шешім шығару көзделуде. Одан бөлек «Таухид» кітабының аудармасы да талқыланады. осындай келелі жиында университеттің Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының директоры профессор Шамшәдин Керім, дінтанушы, PhD докторлары Мұхитдин Исаұлы, Мұхан Исахан, белгілі исламтанушы докторант Ерсін Әміре мырзалар қатысуда.

Еліміздегі шариғат талап-тілектері жөнінде пәтуә шығаратын бірден-бір қоғамдық кеңеске ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлы, аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің хатшысы, Халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров және өзге де мүшелері қатысуда деп хабарлайды www.muftyat.kz.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар