Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің Дайындық курсы талапкерлер қабылдайды

19/09/2017

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің дайындық курсы 2017-2018 оқу жылына талапкерлерді қабылдайды. Исламтану мамандығын таңдаушы шәкірттерге арналған Дайындық курсының оқу орталықтары білім алу, құлшылық-ғибадаттарға қолайлы, заманауи талапқа сай салынған. Оқу мерзімі – 8 ай. Құран Кәрім, араб тілі, ислам фиқһы, ақида, сира пәндері бойынша жүйелі түрде сабақ жүргізіледі: Исламтану мамандығына түсу үшін қажетті емтихандарға дайындық сабақтары беріледі. Бұл Дайындық орталығы Нұр-Мүбарак университетін таңдаған талапкерлер үшін таптырмас мүмкіндік. Себебі дәрістерді Мысырдағы Әл-Әзһар университетінің түлектерінен іріктелген білікті мамандар, ұстаздар жүргізеді. Әрі мысырлық ғылым докторлары сабақ беретіндіктен, білім талапкерлеріне болашақта Нұр-Мүбарак университеті қабырғасында шет елге бармай-ақ ислам ғылымын тереңдетілген бағдарламалармен меңгеруге жол ашылмақ.

Дайындық курсына орта мектепті тәмамдаған жасы 30-ға толмаған ислам талаптарына бойұсынушы талапты, қабілетті жастар қабылданады. Жатын орындары мен ас-тағамдары толықтай қамтамасыз етіледі.

Құжаттар 20 қыркүйек пен 2 қазан аралығында қабылданып, 3-5 қазан аралығында сұхбат өткізілмек.

Қажетті құжаттар:

  1. Өтініш;

  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

  4. 3×4 мөлшердегі 6 фотосурет;

  5. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флирография түсірілімі;

  6. Наркологиялық анықтама;

  7. Сотталмағандығы туралы анықтама.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73, «Академиялық қалашық» аялдамасы.

Байланыс тел: 8 702 433 3664, 8 707 406 3659 (Тимур ұстаз); 8 778 732 68 93, 8 707 532 6893 (Бекболат ұстаз);

8 747 190 71 91 (Ғабит ұстаз)

8 /727/ 302-09-40, 302-09-42.

Факс: 8/727/ 302-09-30.

Сайт: www.nmu.kz E-mail: nur-mubarak2001@mail.ru

 

 

 

bakanas1

 

bakanas

 

bakanas2

 

bakanas3

 

bakanas5

 

bakanas6

 

bakanas7

 

bakanas8

 

bakanas11

 

bakanas14

Ұқсас жазбалар