Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің делегациясы академиялық мобильдік бағдарлама бойынша Малайзияда

02/08/2016

 

 

Академиялық мобильдік бағдарлама –  жоғары оқу орындарындағы ұстаздар мен студенттердің шет елдік беделді  университеттерімен байланысты күшейтіп, өзара білім, тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыруда маңызды жобалардың бірі. Нұр-Мүбарак университеті де осы бағдарлама бойынша бірнеше жылдан бері шет елдік әріптес оқу орындармен келісім-шарттар арқылы студенттер мен ұстаздардың білімін жетілдіруге ерекше ден қойып, қолдау көрсетіп келеді.  Осындай маңызды бағдарлама бойынша Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы  жазғы маусымды пайдаланып Малайзияның Сұлтан Зайнал Абидин атындағы университетіне  бір топ бір оқытушылар мен қызметкерлеріне жолдама берді.  Ғылым докторлары Алау Әділбаев,  Калмахан Ержан, Шамшат Әділбаева, Гүлім Имашева, Сұлу Исабаева, Салтанат Қағазбекова т.б. ұстаздар мен қызкеткерлер бір айдан бері ағылшын тілін жетілдіріп, қосымша дәрістер алуда. Тек білім жетілдіру ғана емес,  қос елдің достығы мен мәдени қарым-қатынасын арттыра түсетін бұл сапар жайлы  Малайзияның «HARIAN METRO» атты жаңалықтар топтама газеті жан-жақты жариялауда.

Ал біздің ұстаздар мен қызметкерлер  үшін Сұлтан Зайнал Абидин университетінің кітапханасы, оқу ғимараттары мен білім беру жүйелері ерекше әсер қалдыруда. Білім жетілдірумен қатар Малайзияның көрікті, тарихи-мәдени жерлерін тамашалау да бағдарламадан тыс қалмады.   Сондықтан бұл білім сапары Нұр-Мүбарак университетінің профессорлық-оқытушылар құрамына  оң ықпалмен  жаңа оқу жылына тың жобалар мен жаңа серпіліске сеп береді деген сенім мол.

 

ФОТОБАЯН

 

malai2016jaz7

 

malai2016jaz1

 

malai2016jaz5

 

malai2016jaz2

 

malai2016jaz6

 

malai2016jaz

 

malai2016jaz8

 

 

Ұқсас жазбалар