• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • «Нұр-Мүбарак»  университетінің делегациясы Мәскеуде Халықаралық конференцияда

«Нұр-Мүбарак»  университетінің делегациясы Мәскеуде Халықаралық конференцияда

01/11/2016

  «Нұр-Мүбарак»  университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни бастаған делегация  Мәскеуде өтіп жатқан  IX «Ғалымжан...

 

«Нұр-Мүбарак»  университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни бастаған делегация  Мәскеуде өтіп жатқан  IX «Ғалымжан Баруди атындағы оқулар»  Халықаралық теологиялық ғылыми-ағарту конференциясына қатысты. Университеттің Аппарат жетекшісі Болатбек Абуов, Оқу бөілімінің меңгерушісі Әли Әл-Мұхамедов мырзалар  «Ислам теологиясы мен ислам білімінің мәселелері» тақырыбында бүгінгі күннің ислам білімі саласындағы сан түрлі мәселелерді ортаға салды. Жыл сайын қазан айының соңғы күндерінде ұйымдастырылатын халықаралық жиынға әлемнің  30 мемлекетінен  250 делегат қатысып, 80 ғалым баяндама оқыды. «Нұр-Мүбарак» ректоры, профессор Жуда Басюни мырза да құрметті баяндамашылар қатарында.

Форумға әлемнің алдыңғы қатарлы  ислами жоғары оқу  орындарының өкілдері: әл-Азхар университеті, Қытай ислам университеті, ТМД елдерінің ислами ЖОО-ры,  Ислам  университеттерінің федерациясы, Кэмбридж, Тюбинген, Мармара  университеттерінің ғалымдары  бас қосты.

Ресейлік ислам діні саласының құзырлы өкілдері бұл конференцияны  2014-2016 ж.ж. арналған ислам тарихы мен мәдениетін тереңдетіп оқытатын мамандар дайындау бағдарламасы аясында өткізуде. Конференцияның ұйымдастырушылар құрамында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті де бар. Күн тәртібінде Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті мен Мәскеу ислам институтымен бірлесіп жасалған «Ислам өркениетінің тарихы» атты білім бағдарламасы  қабылданды. МИИ ректоры  Дамир Хайретдинов пен Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректоры, профессор Жуда Басюни мырзалар қол қойды.

Бұл шара «Нұр-Мүбарак» университетінің  шетелдік әріптестермен арадағы байланысты күшейте түскені анық.

 

moskva2016-1

 

moskva2016-3

 

moskva2016-5

 

moskva2016-6

 

moskva2016-4