Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдары Абу Дабидегі халықаралық конференцияға қатысты

22/12/2016

abudabi2016-2

Ислам қауымдастығы және бейбітшілікті нығайту мәселелері„ — әлемдегі ислам ғұламаларының Абу Дабиде басын қосуына себеп болды. Желтоқсан айының екінші жартысына межеленген Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу Даби қаласында өткен халықаралық конференцияға елімізден Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім мен университет жанындағы «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының» директоры, PhD докторы Қайрат Құрманбаев мырзалар қатысты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ислам дінінің ғалымдары мен қайраткерлері ортаға салмақты ойларын салып, өзара пікір алмасты. „Нұр-Мүбарак„ университетінің Мысыр елі тарапынан жанашырлары ЕАР Уақыфтар министрі профессор Мұхаммад Мұхтар Жұма, ЕАР мүфтиі профессор  Шауқи Ибраһим Аллам мырзалар қазақстандық ғалымдарға жылы лебіздерін білдірді.

abudabi2016-3

2014 жылдан бері дәстүрге айналып, әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен дін қайраткерлері қатысқан конференцияда діни азшылықтың құқықтарын құрметтей отырып мұсылман елдерінде өзара рухани келісім мен бейбітшілікті нығайту мәселелері талқыланды. Себебі, Ислам дінінің бейбітшілік пен тыныштықты, діндераралық, ұлтаралық татулықты, рухани бірлігімізді, адам құқығының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мұраларын сақтап, нығайтудағы игі әсері өлшеусіз.

Конференцияда әлемдік қауымдастық пен мұсылман елдерінде тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету жолында Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың өзге дін өкілдері мен түрлі әлеуметтік топтардың құқықтарын қорғау мақсатында қабылдаған ислам тарихындағы орны өлшеусіз «Мәдина құжатын» басшылыққа алу қажеттілігі сөз етіліп, мұсылман үмбетінің ауызбіршілігі мен ынтымағын нығайту бағытында атқарылар ауқымды шаралар туралы пікірлер талқыланды.

Халықаралық басқосу танымал мұсылман ғалымы Абдулла ибн Баяның бастамасымен, БАӘ Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид ән-Нахаянның қолдауымен жүзеге асырылып келеді.

abudabi2016-4

abudabi2016-5

abudabi2016-6

abudabi2016-7

abudabi2016-8

abudabi2016-9

abudabi2016-10

Ұқсас жазбалар