Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдары ҚР Президенті Қ.Тоқаев жолдауына үн қосты

10/01/2020

Қоғам тұрақтылығы мен өркендеуі жолында сындарлы қоғамдық диалог қандай болуы керек?-деген сауал Нұр-Мүбарак университетінің мамандарын дөңгелек үстел басына жинады. Себебі бұл сауал – даму жолына түскен Қазақстандағы ең басты мәселелердің бірі.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы дінтанушы, исламтанушы ғалымдарды өз тәжірибелеріне сай пікір алмасуына себеп болды. Университеттің Академиялық мәселелер департаментінің директоры, фило.ғ.к., доцент Жалғас Сандыбаев басқосудың алғы сөзінде ғалымдардан қоғамға қажетті тың пікірлер күтетінін екшеп өтті.

Қазақстанға дінаралық диалогтың маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталған профессор Қайрат Затов тұрақтылық пен дамудың кепілі қашан да өзара келісім мен мәмледе екенін атап өтті. Ал  филос.ғ.к., доцент Базар Хамзеева:

  • Маусым айында сайланған Президент Қ.Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі Жолдауы тұңғыш рет жасалғандықтан, ерекше қызығушылық тудырды. Жолдаудың міндеттері Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен сәйкес келеді, бұл оның өзі қабылдаған шешімдердің жүйелілігін және олар үшін нақты жауапкершілікті сезінетіндігін көрсетеді, -деп кеңірек пікірін қосты.

Сондай-ақ PhD, доцент Дамира Сиқымбаева «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудағы қоғамдық диалогтың орны жайлы айтса, докторант Ернар Есімқұлов қай кезде дінаралық диалогтың принциптері мен переспективаларының жемісті болатынына өз зерттеулерінен мысалдар келтірді. Сондай-ақ докторанттар Шұғыла Дуанаева, Оқу-әдістемелік басқарма басшысы Мұратхан Мехмет Президент жолдауына қатысты пікірлерін айта келе, бүгінгі дөңгелек үстелдегі ғалымдардың баяндамаларындағы тың пікірлердің қоғам үшін өзектілігін атап өтті.

Көпконфессиялы әрі көпұлтты Қазақстан әлем алдында тұрақтылық пен татулығы арқылы жас болса да үлгіге айналып отырған мемлекет. Ал кез келген елдің басты капиталы қашанда адам болғандықтан, олардың сенім-нанымы, ұстанымдарына құрмет көрсетіле отырып, өзара тату қоғамда қашанда даму болары сөзсіз. Бұл арада Президент Қ.Тоқаевтың  алғашқы жолдауы мәселеге дөп келген бағдар болғаны анық!

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар