Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің қос өкілі Алматы облысы әкімінің марапатына ие болды

17/10/2019

Жетісу өңіріндегі әйелдер жамағатымен жұмыс істеу барысында жемісті жетістіктерімен аймақтағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлесі зор Нұр-Мүбарак университетінің қос өкілін Алматы облысының әкімі  Амандық Баталов  арнайы марапаттады. Арнайы алғыс хат пен сыйкәде  бірнеше келелі еңбектің авторы,  елімізге танымал исламтанушы ғалым, қауымдастырылған профессор Шамшат Әділбаева мен университеттің баспасөз хатшысы, дінтанушы-магистр, журналист Айша Кеңесбайға  Талдықорған қаласында өткен «Зайырлы қоғам: Дін мен дәстүр ұштастығы» II дінтанушылар және діни бірлестік жетекшілерінің форумында тапсырылды.

«Қоғамның ұлттық жаңғыруы мен жаңаруына, діни-ағартушылық ой-сананың қалыптасуына қуатты серпін беріп, еліміздің терең рухани және ғылыми мұрасының өзегін кейінгі ұрпақ тәрбиесіне негіздеудегі көп жылғы еңбегіңіз үшін Алғыс білдіремін. Ел игілігі үшін сіңірген еңбегіңізге табыс, отбасыңызға ырыс пен ынтымақ тілеймін»,- деп облыс әкімі Амандық Баталов Алғыс хатта ризашылығын білдірген.

Алматы облысы Дін істері басқармасының «Рухани келісім» күні қарсаңында өткізген форумға ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Марат  Әзілханов, ҚМДБ-ның «Халықаралық қатынастар және хаттама» бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы ғалым PhD докторы Ершат Оңғаров арнайы келіп баяндама жасады. Сондай-ақ ҚР ҰҚК Академиясының терроризм және діни экстремизмге қарсы дайындық орталығының аға оқытушысы, эксперт-психолог Лола Шакимова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғалымдары,  облыстағы озық мешіт имамдары, түрлі діни бірлестіктердің жетекшілері де өз пікірлерін ортаға салып, қоғамдағы тұрақтылық үшін ат салысып жүрген мамандар мен дін қызметкерлеріне де алғыс айтылды.

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар