• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Нұр-Мүбарак университетінің магистранттар соңғы сынақтарын сәтті аяқтады

Нұр-Мүбарак университетінің магистранттар соңғы сынақтарын сәтті аяқтады

25/06/2019

Биыл Нұр-Мүбарак университетінің дінтану және исламтану мамандықтары бойынша 30 магистрант тәмамдады. Осыған орай университетте...

Биыл Нұр-Мүбарак университетінің дінтану және исламтану мамандықтары бойынша 30 магистрант тәмамдады. Осыған орай университетте мемлекеттік емтихандар мен диссертациялық қорғаулар аяқталды. Биылғы диссертациялық қорғаулар арасында қоғамда өзекті  біршама жаңа ғылыми зерттеулер қосылды деуге болады. Тарихи тұлғалар, діни  құндылықтар, олардың қоғаммен байланысы, т.б.

Мемлекеттік комиссия төрағасы PhD, доцент Ықтияр Палтөре бастаған ғалымдар тобы әрбір түлектің еңбегін мұқият талқылап, сүзгіден өткізіп тиісті бағаларын берді. Нұр-Мүбарак университетіндегі исламтанушылардың бір ерекшелігі, олар зерттеу жұмыстарын екі тілде қорғайды. Сондықтан мысырлық ғалымдар да болашақ магистранттарға өз бағаларын берді.

Осылайша биыл Нұр-Мүбарак университетіннен барлығы 30, яғни 16 исламтанушы және 14 дінтанушы магистр қоғамға қызмет етуге аттанды.