Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің магистранттары Түркияда білімдерін жетілдіруде

27/03/2019

 

Нұр-Мүбарак университетінің бір топ магистранттары академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тұңғыш рет Түркия елінде білім алуда. Нақтырақ айтсақ, Нұр-Мүбарак пен Мәрмәра университетінің арасындағы келісімшартқа сәйкес Дінтану бөлімінің 8 магистранты бір семестр бойы Мәрмәраның Илахият факультетінде білімдерін жетілдіреді.

Академиялық ұтқырлық бойынша шәкірт алмасу шарасы еліміздегі жоғары білім саласында болғанымен, бұл Нұр-Мүбарак университеті үшін алғашқы тәжірибе. Ал осыған дейін шетелдік тағылымдамадан докторантура бөлімінде білім алушылар 2-3 ай Малайзия, Түркия, Египет, Ливан елдерінде тағылымдамадан өткені белгілі. Ал бір семестр бойынша білім алу магистранттар арасында алғаш рет болса да, болашақта бакалавриат бөлімінің студенттерінің Түркияның озық университеттерінде білім алуы қарастырылуда. Себебі Нұр-Мүбарак университеті шетелдік әріптес 15 университетпен келісімшарт жасаған.

 

Ұқсас жазбалар