Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің мамандары РАТТ құрамында Алматы өңіріндегі әйел жамағаттары арасында діни профилактикалық шараларға ат салысты

03/12/2019

 

  

Еліміздегі діни ахуалы күрделі аймақтардар қатарында Алматы қаласы мен облысы да тіркелген. Сондықтан әйел жамағаттары арасында діни профилактикалық түсіндіру жұмыстары былтырдан бастап арнайы қолға алынған болатын.  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының құрамында  Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, белгілі теолог ғалым Шамшат Әділбаева, исламтанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Айша Кеңесбай, PhD психолог Әлия Төлегенова ханымдар Алматы қаласы мен облысында әйел жамағаттарымен, діндар қыз-келіншектермен бірқатар кездесулер өткізді. Мешіт, медресе, жоғары оқу орындары мен колледждерде өткен кездесулер барысында еліміздегі діни ахуал мәселелері, қыз балалар мен әйелдердің дінге қатысты ұстанымдары, қоғамда өзектілікке айналған сауалдар талқыланды. Ата-бабамыз ұстанған ислам атын жамылған түрлі жат ағымдардың іс-әрекеттері, олардың адамға да, қоғамға да орасан  қауіп-қатері жан-жақты талқыланды, арнайы бейнероликтер көрсетілді.

Алматы қаласы, Жамбыл, Қарасай, Іле аудандарының тұрғындары қамтылған түсіндіру жұмыстарын дінтанушы Толғанай Мустафина жүйелеп отырды. Негізгі нысана дінге қызығушылық білдіретін студент қыздар, мешіт жамағаттары, сондай-ақ  «Жусан» операциясымен елген оралған әйелдермен нүктелік кездесулер өтті. Сондай-ақ РАТТ аясында Жауғашты елді-мекеніндегі ЛА-155/4 әйелдер түзету мекемесінде діни эктсремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатқан әйелдермен де профилактикалық сұхбаттар ұйымдастырылды.

Бұл шаралардың басты мақсаты –мемлекеттің дін саласындағы саясатының негізгі қиғадаларын жете түсіндіру. РАТТ мүшелерінің жаңа ақпараттарына әйел жамағаттарының өкілдері ризашылықтарын білдіріп, мемлекет тарапынан ұйымдастырылып жатқан жан-жақты жұмыстардың жемісті болуына тілектестік білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар