Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«Нұр-Мүбарак»  университетінің мерейтойымен құттықтаулар жалғасуда

07/06/2016

 

Еліміздегі ислам ілімінің туын тіккен «Нұр-Мүбарак»  университетінің 15 жылдық мерейтойымен құттықтаулар  жалғасуда.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза: «Ислам діні – бұл біздің халықтың рухани діңгегі және тірегі. 15 жыл ішінде атаулы университет Қазақстанның рухани даму және ислами ағарту орталығына айналды.

Ислам білім мекемелері қоғамда адамдарды тәрбиелеу, моральдық-өнегелілікті қалыптастыру міндетін абыроймен атқарып келеді.

Конференция шешімі исламның бітімгерлік рөлін көтеруге мүмкіндік туғызатынына, ал Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті бейбітшілік пен рухани келісімнің ағартушылық қызметін одан әрі жалғастыратынына сенемін….» ,-деп құттықтау арқылы  Нұр-Мүбарак университетіне деген сенімін білдіріп, мерейтойға арналған Халықаралық  конференцияның жемісті нәтижелеріне үміт артқан.

Ал Алматы облысы Дін істер басқармасының басшысы  Р.Есдаулетов те ректор профессор Жуда Абдулғани Басюни мырзаға:

«Республика және Алматы облысындағы діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауға, дәстүрлі рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға, халықтың діни сауаттылығын арттыруда  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің еңбегі мол»,- деп атап өтіп, жас ұрпақты  имандылыққа тәрбиелеуде  шын жүректен тілектестік білдірген.

Ал өзге аймақтарға қарағанда діни мәселелерде белсенділік танытып,  «Нұр-Мүбарак»  университетімен алғаш тығыз байланыс орнатқан  Сыр елінің  азаматтары да арнайы құттықтау жолдаған. Жүрек жарды  лебізге толы құттықтауда  2014 жылғы желтоқсанда  жасалған меморандум аясында бүгінде университетте  сырлық 48 студент білім алып жатса, 2 магистр аймақ мешіттерінде қызмет етіп жатқанына ерекше тоқталып, алғыс білдірген.

Ал Жамбыл облысы әкімдігі Дін істер басқармасының өкілдері мерейтойлық ыстық лебіздерімен бірге көне Тараздағы тарихи ескерткіштердің қылқалам туындысын сыйға тартты.

Міне бұл құттықтаулардың бір парасы ғана. Осының өзі «Нұр-Мүбарак» университетінің ел ішіндегі беделін, қазақ халқының бүгінгі тіршілігі мен тарихындағы алатын орнын айқындай түссе керек.

ФОТОБАЯН

 

kuttiktau2

 

kuttiktau3

 

kuttiktau1

 

Ұқсас жазбалар