Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің  «NMU-SHOP» дүкені ашылды

29/03/2019

 

 

Бүгін қасиетті жұма күні Нұр-Мүбарак университетінің дүкені ашылды. Әлбетте, бұл жай ғана оқиға секілді болуы мүмкін. Алайда бір жарым мың адамды қамтитын оқу орнымен қоса, Нұр-Мүбарак мешітіне келушілер үшін бұл керемет мүмкіндік. Себебі қасиетті Құран, хадис, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі жайлы, университет ғалымдарының еңбектері, жайнамаз, құрма, т.б. көптеген қажеттіліктер таба аласыз. Ең бастысы студенттер үшін қажетті асай-мүсейлердің барлығы қамтылмақ. Университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев:

  • Бұл дүкеннен түскен әрбір тиын оқу орынның дамуына, студенттердің қажеттіліктері мен қызметкерлердің еңбекақылары үшін жұмсалмақ. Ең бастысы студенттер қажеттіліктерін қамтуға тырысамыз, әрі мешітке келушілер үшін де қызықты сыйкәделер табады деген үміттеміз, — деді.

Студенттерді қуанышқа бөлеген бұл жаңалықтың тұсауын ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди мен проректор, доцент Қайрат Құрманбаев кесіп, шашу шашылды. Құттықтауға келушілер мен алғашқы тұтынушыларға зәм-зәм, құрма, тәтті-пұтты, жеміс-жидек толы дастарханнан дәм ұсынылды.

Барлығы жаңа дүкенге  «Құтты болсын» айтып, ризашылықтарын білдіріп, Алладан береке тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар