• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • „Нұр-Мүбарак„ университетінің өкілдері Алматыда өткен Халықаралық конференцияда белсенділік танытты

„Нұр-Мүбарак„ университетінің өкілдері Алматыда өткен Халықаралық конференцияда белсенділік танытты

25/11/2016

Қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қазіргі жағдайдағы дін аясында...

  Қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
университетінде  қазіргі жағдайдағы дін аясында кездесетін экстремизм мен 
терроризм мәселелері жан-жақты талқыланды. „Мегаполис жағдайындағы дін атын
жамылған экстремизмнің алдын алу„ Алматы халықаралық ғылыми-тәжірибелік 
конференциясына еліміздің және шет елдің дін, тарих, философия, саясаттану,
 құқық, әлеумет, әдебиет, филология, білім беру салаларының ғалымдары мен
 мамандары, БАҚ пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бүгінде қоғамымызды ғана
 емес, бүкіл әлемді мазалап отырған маңызды сауалдар төңірегінде жан-жақты 
ой бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды. 
„Нұр-Мүбарак„ университетінің ғалымдары мен бір топ докторант-магистранттары 
да тақырыпқа сай мақала-баяндамаларымен бұл шараға белсене ат салысты.
 Алғашқылардан сөз сөйлеген Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы 
Есмағанбет бұл конференцияның маңыздылығына тоқталып, Алматыдағы мешіттер, 
мұсылман жамағаттардың жағдайы мен тақырыптың бүгінгі өзектілігіне 
тоқталып өтті. Ал ҚР БҒМ Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының 
директоры, профессор, академик Әбсаттар қажы Дербісәлі  діндер аралық 
үнқатысу мен мәдениеттер жақындығы жайлы айта келе ислам дінінің негізгі 
мән-маңызын екшеп өтті. Ал „Нұр-Мүбарак„ университетінің оқытушысы, 
доктор Мухаммад Амин қазіргі теріс түсініс жетегінде жүрген жамағаттарға 
тән мәселені ғылыми тұрғыда, яғни „Тәфиризмнің (діннен шығару) — себептері 
мен ережелері„ жайлы баяндама жасаса, магистрант Асқар Сабдин өткен маусым 
айында Ақтөбе қаласында орын алған оқиғаға сәйкес еліміздегі орын алған 
лаңкестік оқиғаларға қатысты себеп-салдарына тоқталды. Ал конференцияның
екінші жартысында „Нур-Мүбарак„ университетінің докторанттары мен 
магистранттары „Ислам„ және „Христиандық„ секцияларында белсенділік танытты. 
Докторант Еркінбек Шохаев еліміздің батыс өңіріндегі жағдайды нақты
 дәлелдермен түсіндіріп, ал докторант Қуат Қабдолда қазіргі жастар 
тәрбиесіндегі түсіндіру жұмыстарының ғылыми аспектілеріне тоқталып, 
халықаралық жиынның маңыздылығын артыра түскендей. 
Алматыдағы бұл Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еліміздегі діни
 ахуал төңірегіндегі жағдайға „Нұр-Мүбарак„ университеті ғалымдары мен
 шәкірттерінің  қашанда маңызды үлесі бар екенін дәлелдей түскендей.  


kazgu1

kazgu2



kazgu4

kazgu5

kazgu6