Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің оқытушылары Самғау еріктілер қозғалысының құрметті мүшесі атанды

26/02/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университіндегі Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары  физика-математика ғылымдарының кандидаты Гүлнұр Алпысқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты Сұлу Нағашыбайқызы мен экономика ғылымдарының кандидаты Мейрамгүл Тулеубаева “Samgau” еріктілер ұйымының құрметті мүшелері қатарына қосылды.

ЖГПУ оқытушысы С.Нағашыбайқызының айтуынша, Самғауға ерікті мүше болу – қайырымдылықа тамшыдай болса да үлес қосу деген сөз.

Сондай-ақ «Көмек қажет етушілерге сүйіспеншілік пен нақты көмек беру әр ұстаздың парызы», – дейді ЖГПУ ұстаздары.

Еске салсақ, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті  университетінің  проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев ойы бір, әлемді жақсарту мақсатын ниет еткен “Samgau” еріктілер қозғалысының құрметті мүшесі әрі кеңесшісі атанған еді.

 

Ұқсас жазбалар