Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Бас мүфтимен жүздесті

18/08/2020

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапарында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаевты қабылдады.

Аталған кездесу барысында университет проректоры жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы шолу жасады.

«Нұр-Мүбарак университетінің мақсаты – білікті де, білімді жас ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан қазіргі пандемия жағдайында университет білім жүйесін жаңа бағытқа бастап, қашықтан оқыту форматын іске қосып, сәтті жүзеге асырып келеді» – деп Қ.Құрманбаев атап өтті.

Одан өзге Қайрат Құрманбаев университет жанынан қашықтан оқытуға қатысты арнайы орталық және ІТ бөлімі ашылғанын айтып, жуырда студенттерге қызмет көрсету орталығы іске қосылатынын хабарлады.

Ал Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Нұр-Мүбарак университеті білімді де білікті исламтанушы, теолог, дінтанушы мамандар даярлау қажет» дей келе, қазіргі жаһандану кезеңінде жаңа бастамаларды көбірек қолға алып, бастамалардың бәрін де заман талабына икемдеу қажет екенін айтты.

 

Ұқсас жазбалар