Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

«Нұр-Мүбарак» университетінің  «Ректор  кубогі-2016»  жеңімпаздары анықталды

17/11/2016

footbol20162

 

Нұр-Мүбарак университеті студенттері арасында футболдан жыл сайын ұйымдастырылатын  «Ректор кубогі» биыл да жаңа жеңімпаздарын анықтады. Студенттер арасынан құрылған «Бейбарыс», «Зам-зам» , «Каспий»  командалары  арасындағы сайыс өте тартысты өтті. Нәтижесінде «Каспий»  тобының жігіттері жеңісті жұлып алып кетті. Команда құрамында: Адайбек Айнадин, Хақназар Сарсенов, Дидар Жанабаев, Ернар Нұрболат, Елтай Қожамұратов,  Нұрлан Айнадинов, Жанат Құрбанайсовтар бар. Ал екінші орынды иеленген  «Бейбарыс» командасының құрамында: Абдуғаппар Махсутов, Мұхтар Қосжанов, Әсет Айдос, Нұрлан Тұранов, Нұрсұлтан Шамшиддинов, Бақдәулет Әбдуқадір, Сағат Төрежановтар болса, «Зәм-зам» командасындағы: Арман Нұранов, Сәдуақас Қиясов, Игілік Әмірбек, Дағыс Мәлік, Ахат Байжанақов, Наджибулла Нұруллаұлы, Қайрат Махметовтер үшінші орынды місе тұтты.

Ал ең үздік ойыншы марапатына Адайбек Айнадин мен Әсет Айдостар ие болса, үздік қақпашы атағын  Игілік Әмірбек  жеңіп алды. Жеңімпаздарға «Дін және тәрбие» бөлімінің Бас маманы Бауыржан Шайзан арнайы сый-сыяпаттармен бірге арнайы диплом және жеңімпаздық алқаларды табыс етті.

Жарыс өте тартысты да қызықты өткендіктен тәуліктің алғашқы жартысында басталған сайыс қас қарайғанда бірақ аяқталды. Бұл футбол жарысының ерекшелігі топтар әртүрлі курстан жиналған. Себебі, «Нұр-Мүбарак»  оқу кешеніндегі спорт алаңында студенттер үнемі өзара сайсатындықтан, сол жағдайларға сай командалар да қалыптасқан. Студенттер арасында мықтыларды анықтайтын мұндай бәйгелер салауатты өмірдің нағыз көрсеткіші екені даусыз.

 

footbol20163

 

footbol20164

 

footbol20165

 

footbol20166

 

footbol20167

 

footbol20168

footbol20169

 

footbol201610

 

Ұқсас жазбалар