Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухамад әш-Шаххат Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады

13/11/2019

 

  • Нұр-Мүбарак студенттері бірнеше тілді меңгеріп, ойын ашық айтатын білімді маман ғана емес, толыққанды тұлға болуы маңызды екенін біз ерекше назарда ұстаймыз,-деді ректор, профессор Мухамад әш-Шаххат «Жоғары білім беру сапасы мәдениетінің тиімді тәжірибесін дамыту: бенчмаркинг және резервтерді іздеу» VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясындағы баяндамасында.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар әлем тілдері университетінде өтіп жатқан халықаралық конференцияда жан-жақтан қатысып жатқан оқытушы-профессорлар жоғары білім беру сапасын көтеру, тиімді тәжірибелермен бөлісу, студенттердің ынта-ықыласын арттыру жайлы мәселелер ғалымдар мен ректорлардың басты талқысына түсті. Тіпті студенттер тарапынан әзірленген жаңа жобалар, қолданылып жатқан мобильді қосымшалар талқыланып, өзге әріптестерге ұсынылды. Ғалымдар арасында қызу пікірлер ұштасып жатқан халықаралық басқосу екі күнге жалғасуда.

 

 

 

Ұқсас жазбалар