Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің шәкірттері Республикалық Құран жарысында үш жүлделі орынды еншіледі

30/04/2019

Елімізде 3 ай бойы іріктеу жасап, қасиетті Құранның жүйріктерін анықтаған VІІI Республикалық Құран жарысында елімізге исламтанушылармен қоса Құран қариларын даярлайтын Нұр-Мүбарак университеті шәкірттерінің мерейі үстем болды. Қасиетті Құранда «…Сондай-ақ мәнеріне келтіріп һәм мағынасына терең үңіле отырып байыппен Құран оқы» («Муззаммил», 4) деген аятына сай, Құранды мәнерлеп оқудан Қайнар Базарқан І орын алып жеңімпаз атанса (4 курс), Бауыржан Исабеков ІІІ орын иеленді (2 курс).

 

Ал 20 парадан І орын жеңіп алған Қуаныш Абишев те Нұр-Мүбарак университетінің түлегі әрі ижазаны университеттегі әл-Азһарлық оқытушы-профессор Саид Абдулмажидтен алған болатын. Сондай-ақ Нұр-Мүбарак университетінің түлегі Шохан Уәлиев оқу орнында білім алып жүрген сәттерде Түркияда өткен Халықаралық Құран хафиздерінің сайысында жүлделі ІІ орын иеленіп, Малайзияда әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100-ден аса хафиздер арасында үздік 10-дықтың қатарына еніп, еліміздің мерейін асқақтатқан болатын.

VІІI Республикалық Құран жарысына Нұр-Мүбарак университетінің студенттерінен өзге ұстаздары да бақ сынады. Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди ислам жолында қызмет етуші Нұр-Мүбарак университетінің әрбір студенті жеңімпаз деген ойын жеткізіп, бәйге жүйріктеріне университет ұжымы атынан алғыс жариялады.

 

 

 

Суреттер www.muftyat.kz сайтынан алынды

Ұқсас жазбалар