Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің стратегиялық жоспары жаңадан талқыланды

24/06/2019

 

Жаңа мамандықтар, жаңа жобалар, жаңа жоспарлар, т.б. қазіргі жаһандану кезеңінде өзгерістер мен жаңалықтар күнделікті үлгеріп, ілесуді емес, жаңа бастамалармен алға жүруді талап етуде. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы оқу орнының даму стратегиясына қатысты біршама бастамалар, өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қолға алды.

  • Студенттер санының артуына орай жақын уақытта оқу кешенінің жетіспеушілігі туындалатыны ескеріліп, жаңа ғимарат құрылысына қатысты жұмыстар жасалып жатқаны белгілі. Әрі қоғамға қажетті шариғат шеңберіндегі жаңа мамандықтарды ашу барлығы болашақ даму жоспарымызда. Сондықтан стратегиялық даму жолын нақты әрі тиімді жүзеге асыру тек университет үшін ғана емес, еліміздің дамуына орасан игілікті іс, — деді проректор, доцент Қайрат Құрманабев.

Басқарма, бөлім басшылары ортаға ойларын қосып, университеттің тыныс-тіршілігіндегі қажеттіліктер мен талаптарды да айта келе, болашақта білімді де білікті исламтанушы, теолог, дінтанушы мамандарды даярлауға қатысты ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, ұсыныстарын жасады. Енді болашақта білікті  ұжымның жасампаз ой-пікірімен ұштасқан жаңа стратегиялық даму жоспары дүниеге келмек.

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар