Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті Алматы чемпионатында жеңімпаз атанды (Фото)

03/02/2020

Алматы қаласындағы «Асар – Арлан» спорт клубының 10 жылдығына орай  ашық чемпионат өтті.

«Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы ұйымдастырған жарысқа жалпыуниверситеттік  гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Айдар Жұбанышұлының жетекшілігімен «Дінтану» мамандығында оқитын 2 курс студенті Серікболов Аманжол қатысып, 1 орынға ие болды.

«Асар – Арлан» клубының басшысы Р.Байжомартов жеңімпаз спортшыны арнайы дипломмен марапаттап, төсбелгі табыс етті.

Ұқсас жазбалар