Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті Алматы чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді

29/11/2019

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арнап Алматы қаласында самбо күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында  (ұлдар, қыздар) сайыс өтті. Чемпионатта Нұр-Мүбарак университетінің студенті Әмір Қадыров 82 кг салмақта III орын иеленді. Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Р.Байсеитов жеңімпаз спортшыны арнайы дипломмен марапаттап, төсбелгі табыс етті.

Самбошы Әмір Қадыров осыған дейін Талдықорған қаласында қазақ күресінен «Жас барыс» атты қалалық іріктеу турнирінде 82 кг. салмақтағы біріншілікте жүлділе 1-ші орынды иеленген болатын.

Нұр-Мүбарак университеті жеңімпаз студент Әмір Қадыровты мақтан тұта отырып, жас спортшы болашағына зор үміт артып, әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне сенім білдіреді!

 

 

 

Ұқсас жазбалар