Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті карантинде уақытты тиімді пайдалану кеңесін ұсынды (ВИДЕО)

14/04/2020

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекция таралуының алдын алу мақсатында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері қашықтан білім алып жүр.

Қазіргі таңда студенттер whatsapp, telegram әлеуметтік желілері мен platonus жүйелері арқылы семинар, лекцияларын оқып ғана қоймай, Тәрбие істері және әлеуметтік даму департаменті ұйымдастырған кәсіби бейімділікті арттыруға арналған курстарға да белсене қатысуда.

Онлайн қосымша курсқа қатысып жүрген студенттердің бірі – Дәурен Нұрымбетов замандастарына карантин уақытын тиімді пайдалану туралы кеңесін видео арқылы ұсынды.

Екінші курс студенті Д.Нұрымбетов кітап оқуға талпынған әрбір студентке шариғат ғылымдарының докторы Роғиб Ас-Сиржанидің «الموسوعة الميسرة في التاريخ الإسلامي» «Ислам тарихының қысқаша энциклопедиясы» атты еңбегін оқуға кеңес берді. Аталған кітапта Пайғамбар (с.ғ.с.) дүниеге келгеннен сәтінен бастап бүгінгі күнімізге дейін ислам тарихында орын алған оқиғалар мен мұсылман баласы білуі керек міндеттер қамтылған.

Видеоның мақсаты: Студенттердің кітап оқуға деген ынтасын арттыру мен Нұр-Мүбарак университетін сағынған студенттердің оқу ордасына деген сағынышын басу.

Аталған видео басқа да тәлімгерлердің пандемия кезінде уақытты тиімді пайдаланып, оқуға деген ынта-жігерлерін арттырады деген ойдамыз.

 

Ұқсас жазбалар