News

Нұр-Мүбарак университетінің студенті қашықтан оқытуда белсенділік танытты (Видео)

06/04/2020

Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекция таралуының алдын алу мақсатында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері қашықтан білім алып жатқаны белгілі.

Университет оқытушыларының сөзіне сүйенсек, қашықтан оқытуға байланысты ешқандай қиындық жоқ. Whatsapp, telegram әлеуметтік желілері мен Platonus жүйелері арқылы семинар мен лекциялар сабақ кестесі бойынша өтіліп жатыр.

Ал студенттер оқытушылар берген тапсырмаларды дер кезінде орындап, сондай-ақ Тәрбие істері және Әлеуметтік даму департаментінің жетекшілігімен ұйымдастырылған қосымша онлайн дәрістерге де белсенді қатысуда. Соның жарқын үлгісін «Исламтану» мамандығында оқитын 2 курс студенті Қойшыбаев Қуантай өзінің қазіргі карантин мерзімінде уақытын қаншалықты тиімді пайдаланып жатқанын видео арқылы көрсетті.

Аталған видео басқа да тәлімгерлердің  ынта-жігерлерін арттырады деген ойдамыз.

Related news