Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті  Қазақстан жастарының «Алтын кітабы» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

24/07/2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Қазақстан жастарының «Алтын кітабы» атты республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Талантты, дарынды, білімді жастарды іріктеген додада Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенті жеңімпаз атанды.

Қазақстанның барлық өңірінен ең үздік деген танылған 50-ден астам үміткерлердің арасында «Дінтану» факультетінің 2 курс  студенті Хибадат Жақсылық  “Қазақстанның үздік студенті – 2020” иегері болды.

4 ай уақыт аралығында өткен  республикалық байқауға Ж.Хибадат университет проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаевтың жетекшілігімен қатысты.

Зияткер, білім мен ғылымға ден қойған талантты жастың  еңбегін профессор Бүркітбай Ерманұлы, Жандарбек Мәлібеков секілді белгілі тұлғалар бағалады.

Одан өзге «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы басшылығы оған «ҚР дарынды жастары алтын төсбелгі – 2020» мен табыстап, жетекшісі Қ.Құрманбаевты алғыс хатпен марапаттады.

Қатарластарынан от ойы озық болған Хибадат Жақсылық  “Қазақстанның үздік студенті – 2020” атанып, үздік студенттер академиясының мүшесі болды.

Сонымен қатар 2020 жылы өз талантымен, оқуда белсенділігімен ерекшеленіп, өнер додасында жеткен жетістіктері үшін «ДАРА ЖҰЛДЫЗ» төсбелгісімен марапатталды.

Жақсылықты университет басшылығы атынан құттықтай отырып, сәттілік тілейміз! Алар асуларың көп болсын!

Ұқсас жазбалар