Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті ҚМДБ білім грантына ие болды

01/06/2020

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жаңаөзен қаласында қос шәкіртке білім грантын табыстады.

Аталған ҚМДБ білім грантын иеленген қос шәкірттің бірі – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің бірінші курс студенті Айдос Болатұлы.

«Біз Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойы аясында 30 студентке қолдау көрсету игі жобасын қолға алған болатынбыз. Бұған дейін бірқатар облыста шәкірттерге білім грантын табыстадық. Мақсат – ел болашағы болған жастарымыздың толыққанды білім алуына көмектесу. Бүгін екі білім гранты Жаңаөзен қаласындағы қос шәкіртімізге бұйырып отыр. Алла Тағала білімдеріңді арттырып, ел игілігі жолында қызмет ете берулеріңе тілектеспін», – деп Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтады.

 

Ұқсас жазбалар