Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті ҚР чемпионатына жолдама алды

13/02/2020

11-13 ақпан күндері  Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында 2000-2002 жылғы жастар арасында қазақ күресінен ашық чемпионат өтті.

Жарысқа Нұр-Мүбарак университетіндегі жалпыуниверситеттік  гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Лаура Асқарбекқызының  жетекшілігімен  «Теология»  мамандығында оқитын 1 курс студенті Қадыров Әмір қатысты.

Үш күнге созылған додада Әмір Қайратұлы 84 кг салмақ дәрежесінде күш сынаасып, қортынды есеп бойынша 3 орын иеленді, Сондай-ақ Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.

 

Ұқсас жазбалар