Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті «Жас барыс» жеңімпазы

30/09/2019

 

 

Талдықорған қаласында қазақ күресінен «Жас барыс» атты қалалық іріктеу турнирінде Нұр-Мүбарак университетінің студенті Әмір Қадыров 82 кг. салмақта бақ сынады. 1999-2001 ж.т. жастар арасындағы біріншілікте Әмір Қадыров жүлділе 1-ші орынды иеленді.

Талдықорған қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы І.Сағымбеков  жеңімпаз студентке Мадақтама қағазы мен алтын төсбелгі табыс етті.

Жеңімпазды Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы, Оқу-әдістемелік басқарма басшысы Жалғас Сандыбаев арнайы қабылдап, спорт жетекшісі Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Айдар Иманбаев екеуіне алғыс жариялады.

Жеңімпаз Әмір Қадыровтың алдағы Алматы облыстық  біріншілікте жеңіс туы желбіретуіне тілектеспіз!

 

 

 

Ұқсас жазбалар