Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті жүлдегер атанды

17/02/2020

14-16 ақпан күндері  Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында 23 жасқа дейінгі ерлер арасында дзюдодан облыстық чемпионат өтті.

Жарысқа Нұр-Мүбарак университетіндегі жалпыуниверситеттік  гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Лаура Асқарбекқызының  жетекшілігімен  «Теология»  мамандығында оқитын 1 курс студенті Қадыров Әмір қатысты.

Екі күнге  созылған жарыста Әмір Қайратұлы 90 кг салмақ дәрежесінде күш сынасып, қорытынды есеп бойынша 3 орынға ие болды.

Ұқсас жазбалар