Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенттері 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқиды

15/03/2020

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті  Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекция таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылғы 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында студенттерді қашықтықтан оқыту режиміне қажет екенін хабарлады.

Осыған сәйкес Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде коронавирус індеті таралу қаупін алдын алу үшін шаралар қолға алынды. Бұл туралы университеттің проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев студенттермен кездесу барысында айтып,  оларды сақтандыру негізінде университетке келмей, қашықтықта  онлайн түрде  оқитындықтарын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқу-әдістемелік басқарма басшысы Мұратхан Махмет студенттерге сабақ кестесі бойынша дәрістердің онлайн түрде өтетінін айтты. Яғни әр оқытушы сабақ кестесі бойынша лекцияларын оқып, тапсырмалар беріп отырады. Ал бітіруші курс студенттерінің практика және оны қорғау жұмыстары  кейінге шегеріліп, педагогикалық практика уақытша тоқтайды.

Одан өзге академиялық мәселелер департаментінің бас маманы Динара Жайлауова студенттерге қашықтықтан оқыту режиміне сәйкес platonus  платформасын қолдану нұсқаулығын толығырақ түсіндірсе, стратегиялық даму бөлімінің жетекші маманы Мәжит Жүнісбеков telegram web бағдарламасын пайдалану туралы айтты.

Еске салсақ, коронавирус профилактикасы: қолды жиі жуу, қоғамдық орындарға бармау, науқас адамдармен  (ЖРВИ) қарым-қатынастан аулақ болу, ЖРВИ белгілері болған кезде 103-ке, сұрақтар болса –1406 хабарласу.

 

Ұқсас жазбалар