Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенттері Түркия елінде білімдерін жалғастыруда (Фото)

04/02/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің шет мемлекеттерде білімін жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Осы бағдарламаны негізге алып, Түркияның  Чорум қаласында орналасқан Хитит университетінде  5 студент білім алуда.

«Исламтану» және «Дінтану» білім беру бағдарламаларының  2019-2020 оқу жылындағы екінші семестрін  жалғастырған студенттерді Хитит университетінің ректоры доктор, профессор Али  Осман Өзтүрік қабылдады.

Кездесу барысында  «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттеріне жетекші Нысаналиев Жандос: «Кішкентай ұшқын алауға айналған бұл бағдарлама Чорум мен Қазақстан арасындағы туыстық байланысты нығайтады», – деп мәлімдей отырып, университет ректоры атынан құттықтаулар мен кәдесыйлар  табыстады.

Еске салсақ, Хитит университетіндегі Иляхиат факультетінің 2 курс магистранты Нүсіпхан Тимур екі ел арасындағы алтын көпірдің орнауына мұрындық болды.

Бұл туралы  Хитит университетінің «Corumhakimiyet» басылымында жарияланды.

Ұқсас жазбалар