Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне діни экстремизмнің алдын алу мақсатында лекциялар оқылды

16/03/2020

Әлемді алаңдатқан  діни радикализм, экстремизм мен терроризм, жат діни ағымдар мен еліміздің зайырлы ұстанымына қатысты мәселелер бүгінгі қоғам үшін сауаттылықты талап етуде. Себебі, дұрыс біліммен қаруланбаған қоғам үшін жат пиғылды саяси күштер түрлі тәсілдермен қауіп төндіріп жатқаны белгілі.

Осыған орай Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіндегі Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, теолог Асқар Сабдин студенттерге таухид, хадис, такфир, һижра, салафия, діни мәтіндерді дұрыс түсіну т.б. тақырыптар бойынша арнайы дәрістер оқыды.

Сондай-ақ  Асқар Кәлімжанұлы студенттерге экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары  туралы айтып, Ханафи мазхабының құндылықтарына тоқталып, дін тақырыбында қойған сұрақтарына толықтай  жауап берді.

Ұқсас жазбалар