Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне коронавирустан сақтану жолдары түсіндірілді

12/02/2020

Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ер балалар жатақханасында тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің ұйымдастыруымен коронавирустан (2019-nCoV) сақтану шарасы өтті.

Еске салсақ, коронавирус (2019-nCoV) бейресми «Ухань коронавирусы» тыныс алу жолдарының инфекциясын тудыратын, адамнан адамға берілетіні дәлелденген жұқпалы вирус. Алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында анықталды.

Індет ошағы теңіз өнімдері мен мал базарында анықталды деп хабарланғандықтан, вирус зоонозды инфекция болуы мүмкін деген болжамда бар. Осы вирус пен басқа да белгілі вирус түрлерінің генетикалық құрылымын салыстыру барысында, оның SARS-CoV (79.5%) және әзірге байланысы зерттеліп жатқан жарғанат коронавирусының (96%) құрылымына ұқсайтыны белгілі болды.

Вирус Қытай құрлығының басқа провинцияларына және Тайланд, Жапония, Тайуан, Оңтүстік Корея, Аустралия, Франция және Құрама Штаттарына таралды.

Ресми деректерге сүйенсек, әлем бойынша 17,486, адам вирус жұқтырған. Оның 17,300 Қытай құрлығынан болды. Әзірге белгілі мәлімет бойынша барлығы 361 адам көз жұмған.

Шара барысында Нұр-Мүбарак университетінің  терапеві Айнұр Ешматова мен медбике Хусаинова Мира 2019-nCoV коронавирусының белгілері пневмония не ауыр жіті респираторлы синдромына ұқсас екенін айтып, сақтану жолдарын түсіндірді.

Сақтану жолдары:

  • Қолды жиі сабынмен не спиртті ерітінділермен жуу;
  • Жөтелгенде не түшкіргенде ауыз бен мұрынды білекпен не матамен жабу (кейін матаны лақтыра салған жөн);
  • Дене қызуы бар не жөтелген адаммен қатты жақындаспау;
  • Шикі не толық піспеген жануартекті өнімдерді тұтынбау.
Ұқсас жазбалар