Нұр-Мүбарак университетінің Талғар қыздар дайындық курсы жаңа ғимаратының іргетасы қаланды

Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан Нұр-Мүбарак университеті Қыздар дайындык курсының жаңа ғимратының іргетасының қалануына ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат бастаған университет өкілдері қатысты.

«Еліміздегі  жалпы жамағаттың жартысынан көбі әйелдер қауымы. Оны біз жан-жақты саралаумен қатар, Нұр-Мүбарак университетіне келетін талапкерлерден де байқаймыз. Сондықтан бұл өте назар аударатын, көңіл бөлуді қажет ететін тенденция»,-деді Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев бүгінгі рәсімде. Яғни бүгін университетің дайындық курстарының аясы тағы да кеңейе түскенін айтуға болады.

Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан Нұр-Мүбарак университеті  Қыздар  дайындык курсының жаңа ғимратының іргетасының қалануына ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат бастаған университет өкілдері қатысты. Еліміздің 4 мекеніндегі 5 дайындық курсының бірі осы Талғар қыздар курсы еді. Талапкерлер санының артуына орай, проректор, PhD доктор Қайрат Құрманбаев қыздарға арналған курс мүмкіндіктерін арттырудың жолын қарастырып, бүгін оң нәтижесі көріне бастады.  

«Еліміздегі  жалпы жамағаттың жартысынан көбі әйелдер қауымы. Оны біз жан-жақты саралаумен қатар, Нұр-Мүбарак университетіне келетін талапкерлерден де байқаймыз. Сондықтан бұл өте назар аударатын, көңіл бөлуді қажет ететін тенденция»

Қайрат Құрманбаев

Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор

 2017 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан курста бір оқу жылында 50-ге дейін шәкірт тәрбиеленіп, Нұр-Мүбарак университетіне түсуге қажетті діни және ҰБТ-да тапсыратын пәндер оқытылып, оң нәтижесін беріп үлгерген еді.

Ұрпақтары Мәнсия Молдақұлқызы ананың атына арналған жаңа ғимарат  жаңа оқу жылында дайын болуы жоспарлануда. Бұл жөнінде Нұр-Мүбарак университетінің Дайындық курстарына жауапты Бас маман әрі Талғар ұлдар және Қыздар дайындық курстарының директоры Жарқын Еркінұлы:

Бұл игі бастаманың басында демеуші жомарт жандар мен белгілі ғалым, проректорымыз Қайрат Құрманбаев тұрғандықтан, барынша сапалы, талапқа сай, заманауи бағытта болуын жіті қадағалау  жауапкершілігі мойнымызда. «Жаңа оқу жылын – жаңа ғимаратта» деген ниет бар,-деп сауапты іске белсенділік танытуда. Бұл жаңа бастама, жаңа ғимарат еліміздегі имандылықтың өркен жайуы баршаға сүйінші жаңалық екені сөзсіз.

530