Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы халықаралық сараптамалық алаңда баяндама жасады (Фото)

04/03/2020

Ресейдің Орынбор қаласында “Діни экстремизмнің трансшекаралық қауіптері” атты халықаралық сараптамалық алаң ұйымдастырылды.

Шараға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин қатысып, “Қазақстандағы діни ахуал: актуалды тенденциялар және проблемаларды шешу жолдары” тақырыбында баяндама жасады.

Асқар Қалымжанұлының  баяндамасын Орынбор губернатордың орынбасары, Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Мордовия мемлекеттері мен  Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Орал өңірлерінен келген ғалымдар мен сарапшылар және діни қызметкерлер аса зор ықыласпен тыңдады.

Ұқсас жазбалар