Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак  ұстазы  Әлия Төлегенова  «ЖОО Үздік оқытушысы» атанды

16/01/2018

Еліміздегі жоғары оқу орындары оқытушылары арасында жыл сайын ең үздіктеріне таңдау жасалады. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі 2017 жылғы қорытынды бойынша мыңдаған ұстаздар арасынан ең үздіктердің тізімін шығарды. Биылғы топжарғандар құрамында Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, психология ғылымы бойынша  PhD докторы, доцент м.а. (міндетін атқарушы) Әлия Төлегенова суырылып шықты. Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының  оқытушысы  Әлия Аманғалиқызы дәрістері барысында шәкірт бойындағы тұлғалық қабілеттерді ашуға негіздеп, ғылым мен өмірлік жағдайларды қатар қамтып отырады. Дәрістерден тыс қыздар арасында кіші-гірім тренигтік қосымша сабақтар өткізіп: иманды қыз, ибалы келіннің келбеті, өзін өзі ұстау, жетілдіру мәселелері жөнінде үйретеді. Оған қоса республикалық «Асыл арна» телеарнасында психологиялық  жағдаяттарға  арналған орыс тілінде авторлық бағдарлама жүргізеді. Өз мамандығының шебері әрі тек жоғары оқу орын аудиториясымен шектелмей, қоғам өміріне  барынша игі үлес қосушы психолог-ұстаз Әлия Төлегенова ханымды жеңісімен құттықтаймыз. Бұл саладағы жеңіс университетіміздің 16 жылдық тарихында тұңғыш рет екенін еске сала кетейік.

Құрметті Әлия Аманғалиқызы! Сіз бұл жеңіске лайықсыз және бұдан да зор жетістіктерге жететіндігіңізге зор сенімдіміз. Сізге Алланың мейірімі мен разылығы жаусын!

http://edu.gov.kz/m/news/detail.php?ELEMENT_ID=2221

http://edu.gov.kz/m/news/detail.php?ELEMENT_ID=2221

 

Ұқсас жазбалар