Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбаракта Орта Азия бойынша алғашқы SmartClass  кабинеті ашылды

03/05/2019

 

 

Канадалық Robotel компаниясының соңғы өнімдерінен жасақталған   SmartClass кабинеті Орта Азия бойынша Нұр-Мүбарак университетінде ғана орнатылды. Әдеттегі лингофон кабинеттеріндей көрінгенімен, заманауи  мультимедиялық бағдарламасы әмбебаптығымен ерекше. Яғни бұл модерн құрылғылар арқылы тек тіл үйрену ғана емес, кез келген білім, жаңа пәндер үйренуге болады. Әрбір қатысушы өзара еркін сөйлесіп, оқытушы да әр шәкіртті орнында отырып бақылап, жеке-жеке сөйлесіп т.б. артықшылықтары көп. сондықтан компанияның Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка бойынша менеджері Ашраф әш-Сарайра арнайы келіп, Нұр-Мүбарак университетінің бір топ ұстаздарына арнайы дәріс үйретті. Апта бойы жаңа құрылғының қыр-сырын меңгерген оқытушылардың бірі араб тілінің маманы, докторант  Олжас Шаяхметов: Бұл кабинетті «лингофон» деп атауға да келмейді. өйткені мүмкіндіктері өте көп. Бұрын 1 сағат бойы жасайтын тапсырманы жаңа технология арқылы 10 минутта орындауға болады. Т іпті бұл SmartClass кабинетінің артықшылығын бір сөзбен жеткізу мүмкін емес,-деді.

Енді Нұр-Мүбарак университетінде бір дәрісте  24 шәкіртті қамтитын жаңа SmartClass  кабинеті студенттердің білімді жан-жақты әрі тез меңгеруіне мүмкіндікті арттыра түсері сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар