Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Докторант-магистранттар әлемге әйгілі Әл-Азһарда

20/01/2017

„Нұр-Мүбарак„ университетінің исламтану мен дінтану саласы бойынша білім алушы докторанттары мен магистранттары Мысырдағы мың жылдық тарихы бар әл-Азһар университетіндегі тағылымдамаларын бастады.

kairo2017 3

Елімізге белгілі исламтанушылар Рахымжан Әкімбеков пен Серік Тәжібаев мырзалар ғылым жолындағы ізденісін өткен желтоқсан айында бастап кеткен болатын. Түркиядағы көне де бай кітапханалар мен ғылыми орталықтар, жоғары оқу орындарына барып тақырыптарына сай көне қолжазба деректермен танысып, енді Мысырдағы әл-Азһар университетіне ат басын тіреген болатын. Ғылым жолындағы ізденушілер тобына Мысырда „Нұр-Мүбарак„ университетінің магистранттары жаңадан қосылды.

kairo2017 2

 

Ілім талапкерлері әл-Азһар университетіндегі Шариғат факултетінің докторанты Фариx Абдулланың «Египет пен Сауд Арабиясы арасындағы Ислам құқығы мен заңнамасындағы мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі» атты тақырыбында докторлық академиялық дәрежесін қорғауына қатысты. Диссертанттың ғылыми жетекшісі Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюнидің мырза екендігін айта кетейік. Сондай-ақ профессор Жуда Басюни қазақстандық шәкірттердің әрбір сағатының тиімді әрі пайдалы ілім алуға жоспарлануына барынша мүдделілік танытуда.

Сондай-ақ  әл-Азһардың Танта қаласындағы «Дін негіздері және Дін уағыз-насиxат» факультетінде өткен ғылыми диссертациялардың қорғауына қатысқан докторант Серік Тәжібаев: „Ғылыми қорғау барысында диссертациялық жұмыстағы кәлам ілімі және метафизикалық құбылыстарды дәлелдеу әдістері жөнінде кеңінен талқыланған екен. Біздің де зерттеу жұмыстарымызға байланысты жаңа көзқарастар мен ой-тұжырымдардың туындауына үлкен бір септігін тигізді,-деген ойын білдірді.

Докторант Рахымжан Әкімбеков:„Ғылыми зерттеу саласындағы шараларға қатысуға жол көрсетуші әл-Азһар-дың «Ақида және кәлам» факультетінің докторы, профессор Ридо ад-Дақиқиге алғысымыз шексіз! Ғылыми қоры бай таныс та бейтаныс елде іздегенімізді нақты айқындап, бағыт-бағдар берудің өзі орасан көмек„,-деп, ғалымға жақында ғана профессор Ш.Керімнің басшылығымен университет баспасында жарық көрген Хұсам ад-Дин ас-Сығнақидың кәлам іліміне қатысты еңбегін сыйға тартты.

„Нұр-Мүбарак„ университетінде 10 жыл бойы дәріс беріп, шәкір тәрбиелеп, еліміздің тура жолда дамуына үлес қосушы профессор Ридо ад-Дақиқи мырза жастарға ислам жолында білім алуға жол ашқан қазақ елін үлкен ризашылықпен еске алып, алғысын білдірді.

Мысырдағы шетелдік ғылыми тағылымдама магистранттар үшін бір айға созылса, ал докторанттарға үш айға жалғаспақ.

 

kairo2017 4

kairo2017 5

Ұқсас жазбалар