Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

 Нұр-Мүбаракты нұрландырған әз Наурыз

19/04/2016

 

 Уа, жарандар, халайық,
Наурыз думан басталды,

Жарапазан жыры бар.
Жауқазындай наурызға
Бір сәт зейін салайық.

Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық,-деп басталған Ұлыстың ұлы күні Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ән-күйден де, жыр-толғаудан, тәтті-пұттыдан да шашу шашылған күн болды.

Жуанның жіңішкеріп, ұзынның қысқарып,  күн ұзарып ақтың молайған бұл береке бастау болған  мерекенің нышанын университет ауласына тігілген қазақтың киіз үйінен аңғару қиын емес еді.

Шашу шашылып, басталған мерекені  университет ректоры, доктор, профессор Жуда Абдулғани Басюни мырза мен проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзалар құттықтау сөзбен мерекенің маңыздылығымен қатар университеттің алдағы  жоспарларына да тоқталып өтті.

Биылғы Наурыздың ерекшелігі  Нұр-Мүбарак университетіндегі кафедра, бөлімдер халқымыздың түрлі салт-дәстүрінен көрініс қойып, мерекенің сәнін келтірді. Бұл әсіресе мысырлық ғалым ұстаздарға қызық әрі таңсық көрінді.

«Жалпыгуманитарлық пәндер»  кафедрасы мен Оқу бөлімі бірігіп, келін түсіру, беташар, ақ келінге бата беру дәстүрлерін әдемі көрсетсе,  «Исламтану» кафедрасы мен кітапхана ұжымы бірлесіп әзірлеген бесікке салу келін түсірудің жалғасы іспеттес болды.

Ал  «Араб тілі» және «Дінтану» кафедралары біріккен тұсаукесер көрінісі тіпті шынайы көрініс тапты. Оқытушы Жұлдыз Мейір ханым немересінің тұсауын кесіп, ғалымдардың ақ батасын алды.

 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері күмбірлеген күйді төгіп, тәлімді терме, ойлы толғауларымен мерекенің әрін де, сәнін де кіргізді.

Ұлттық киім киген студенттер, ұстаз-оқытушыларға толы Нұр-Мүбарак университетінің ауласы нағыз кешегі қазақы ауылды еске салғандай. Салтанатты бөлімнен кейін 600 адамға арналып дастархан жайылды. Ал мереке соңы спорттық ойындармен жалғасты.

 

ФОТОРЕПОРТАЖ

 

nau3

 

nau2

 

nau5

 

nau4

 

nau6

 

nau7

 

nau8

 

nau9

 

nau10

Ұқсас жазбалар