Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Нұр-Мүбарактың студенті Алматы қалалық азаншылар жарысында жеңімпаз атанды

30/09/2020

Бүгін IV Республикалық азаншылар жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеуі өз мәресіне жетті. 30 жуық азаншылар қатысқан сайыста Нұр-Мүбарак университетінің студенті Ишанғали Ақназар Маратұлы от ойы озық болып, 1 орынға ие болды.

Сондай-ақ  «Исламтану» мамандығында оқитын 1 курс студенті А.Маратұлы «Әдемі әуезді азаншы»  атанып, Республикалық байқауға жолдама алды.

Нұр-Мүбарак университетінің ұжымы Ақназарды жеңісімен құттықтап, республикалық дода топ жаруын тілейді.

 

Ұқсас жазбалар